ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

                         



























Бұл қашықтықтан оқыту орталығында ФИЗИКА және РОБОТОТЕХНИКА пәндерінен мұғалімдер мен оқушылар дайындық кусынан өте алады.

ФИЗИКА пәннен күнделікті сабаққа, немесе ҰБТ- ға дайындалуға мүмкіндік жасалған. Әрбір тақырып бойынша ТЕКСТТІК МАТЕРИАЛДАР, АУДИО, ВИДЕО МАТЕРИАЛДАР және 3D форматтағы ДЕМОНСТРАЦИЯЛАР, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР арқылы оқушы білім ала алады.
       
 РОБОТОТЕХНИКА бөлімінде ARDUINO UNO платформасымен жұмыс жасауды үйрену қарастырылады       

КЕРІ БАЙЛАНЫС бөлімі арқылы өз ұсынысыңызды, пікіріңізді немесе сұрақтарыңызды жібере аласыз.

Бұл орталықта алғашқы рет болсаңыз Тіркелу бөлімі арқылы тіркеліңіз.

Әзірге РОБОТОТЕХНИКА бойынша 4 жұмыс дайындалды. Бірақ әрі қарай жалғастыру қажет пе жоқ па білмей отырмыз. Мүмкін ешкімге қажет емес шығар. Қажет десеңіздер КЕРІ БАЙЛАНЫС деген жерді басып пікір қалдырсаңыздар болады. Сонымен қатар алдағы уақытта компьютерлік бағдарламашы курстарын ашу көзделуде. Ол жерде: Мәліметтер қорын басқару, Желілерді басқару, 3д бағдарламалау, Веб бағдарламалу, Микроконтроллерді бағдарламалау (робототехника, ақылды үй) тағы да басқа бағдарламалау түрлері қарастырылатын болады.

Қолданушылардың пікірлері 8 пікір
Аты_жөніПікірЖауап
Нурманова Әйгерім ЕрсайынқызыСаламатсызба, онлайн сабақта, тіпті кейбір құралдардың жетіспеуіне байланысты, осындай керемет сайтты қолдану керемет болып кетті. Қазақ тілінде демонстрациялық тұрғыда зертханалық жұмыс пен теориялық сабақтардың қамтылып берілгеніне рахметімді айтамын. Балаға сабак түсіндіріп қана қоймай, осындай ресурс түрін қолдансақ, жақсы ғой. Балалар қызығады. Тіпті кіріп ақ, өздері де орындай береді. Рахмет, алғысым шексіз.Пікіріңізге рахмет! Қазіргі таңда осы демонстрациялар мен зертханалық жұмыстарды интернет жоқ немесе интернеті нашар мектептер үшін интернетсіз жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Үлгірсек келер оқу жылының басына мектеп компьютерінде тікелей жұмыс жасай алатын нұсқасын дайындаймыз
Айтенова Мағрипа Махмутқызы STEM технологиясын колледждерге енгизу заман талабы. Озык технологиялы елдер катарына косылу максатында жане сол максатка жету ушин сиздин ушан тениз билиминиз.кенесиниз жане колдауынызды кутетинимизди билесиз.Сиз жасаган осындай сайттар тек кана окушылар емес окытушылар ушин де оте пайдалы.таптырмас кунды комекши! Сизден техникалык колледждердин арнайы пандерине. Практикалык сабактарына арналган осындай сайттар кутемиз! Енбегиниз жана берсин! Рахмет! Алдағы уақытта тренажерлер жасау ойда бар.
Кішкене Жұлдыз Қайырлы кеш!Өте пайдалы әрі тиімді сайт. Болашақ айти мамандарына біршама көмек бола алады . Тағыда информатика пәнінен компьютер тілдерін үйрететін бағдарлама енгізсеңіздер оқушыларға көп көмегі тиер еді. Пікіріңізге рахмет. Егер министрлік қолдаса бұл бағытта әлі көптеген жұмыс жасау жоспарлануда.
Ныгманова ТолғанайҚайырлы күн! Өте пайдалы сайт екен. Авторларына үлкен рахмет! Енді сұрайын дегенім, алдағы уақытта мұнда химия сияқты басқа пәндерді енгізу бар ма ойларыңызда? Басқа пәндер бар болса жақсы болар еді Ия,басқа да пәндерді де осы сияқты енгізу жоспарда бар.
Сәбитхановдамыту керек бұл жобаны пайдалы екенн робататехникадан легоныда жетілдірсеңіздер Ойда бар. Бірақ неге екені белгісіз әзірге негізінен мұғалімдер ғана жұмыс жасауда. Оқушылар аздау тіркеліп жатыр
ҚобыландыМектепте берген үй жұмысында: Сағаттың минуттық тілшесінің ұзындығы 1м. Сағат 12 00 ден 16 30 минут аралығында минуттық тілше ұшының жүрген жолы мен орын ауыстыруының модулі /Жауабы: 4П м; 0/ Жауабы шықпай тұр қарап көріңізші.Бұл есепте сағаттың минуттық тілшесі 4,5 айналым жасайды.(12:00 ден 16:30 ға дейін) Бір айналымдағы жүрілген жол S=2пR . Жарты айналымдағы жол пR. Сонда Барлық жол 9пR . Ал R=1м болғандықтан Барлық жол 9п м. Орын ауыстыруын қарастырайық. Бастапқыда минуттық тіл 12:00 соңында 16:30 да болса орын ауыстыру 2R ге тең
ҚобыландыКеремет жасалған екен. Бұл жүйені іске қосу керек қаншама балаға көмек болады. Балдар аш қазір. Осындай жобаларды қолдау керек.Қанша жастың көзі ашылар еді. 
Нурмухамбетов Мадиагай саламатсыз ба Мен 3 мектеп окушысымын Біз мектепте газдың орташа арифметикалық жылдамдығы дегенді қарастырмаймыз газдың орташа квадраттық жылдамдығын білем есеп шығарып жүрміз сосын баска болімдер бойынша тест бересіз бе мына жоба өте керемет мен үйде отырып көп мағлұмат алдым рахмет сізге Келесі аптада Электр және Магнетизм бөлімдерінен сұрақтар енгізе бастаймыз. Осы қараша айының аяғына дейін отика бөлімі ал желтоқсанның аяғына дейін физиканы толық аяқтау жоспарланып отыр. Егер бұл жобаны мектептер қолдаса басқа да пәндер қосатын шығармыз.